Париж Олимпиадасына 17 спортшымыз қатысуға үмітті
Фото: olympic.kz
Биыл Франция астанасы Парижде өтетін XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарына сегіз спорт түрінен 17 шығысқазақстандық спортшы қатысуға үмітті.
Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшылығы, әсіресе, жеңіл атлетика, семсерлесу, еркін күрес пен грек-рим күресі сияқты спорт түрлерінен сынға түсетін саңлақтарға ерекше сенім артып отыр, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Париж Олимпиадасына бару мүмкіндігі жоғары шығысқазақстандық спортшылар арасында жеңілатлеттер Надежда Дубовицкая мен Жанна Мамажанова, семсерлесушілер Руслан Курбанов пен Вадим Шарлаимов, еркін күрес шебері Данияр Қайсанов, грек-римшілер Ернар мен Ернұр Фидахметовтер де бар. Сол сияқты, Париждегі дүбірлі додаға ескек есушілеріміздің де бару ықтималдылығы жоғары екен.
Еске салайық, Франция астанасындағы кезекті, 33-ші Олимпиада ойындары биылғы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтпек.