KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
474.57 513.63 5.53

Қауіптің алдын алуға қам жасалды – ШҚО

12.07.2024, 18:01 120 Қызырбек Дүргінбайұлы

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатымен баспасөз мәслихатын өткізіп, шомылу маусымындағы сақтық шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мамандар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын бекіткен. Осы жылы облыс әкімдігінің қаулысымен жаппай демалуға арналған 22 орын белгіленген. Ал мәслихат шешімімен 74 орында шомылуға тыйым салынған.

– Төтенше жағдайлар департаменті шомылу маусымына қатысты екі рет отырыс өткізді. Акваториялардың түбін текесеру бойынша сүңгуірлік жұмыстар жүргізілді. Соңғы бес жылда суға шомылу аймақтарында 200-ге тарта тыйым салу және ескерту шаралары іске асырылды. Ал осы жылы су айдынындағы адам өлімін азайту мақсатында 2,7 млн теңге қаржы бөлініп, 25 мың дана жадынама таратылып, 13 дана баннер әзірленді, – деді ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дәурен Ағажеав.

Жүргізілген профилактикалық жұмыстар оқыс оқиғалар санын азайтуға мүмкіндік бергенін айта кеткен жөн. Мәселен, былтыр осы кезеңде төрт адам қаза тапқан болатын. Ал биылғы кезеңде бір адам қайтыс болды, 15 адам құтқарылды.

Сонымен қатар басқарма өкілдері облыс аумағында жұмыс істеп жатқан 13 лагерде «Жас құтқарушылар» үйірмелері де жұмыс істеп жатқанын айтты. Аталған үйірме аясында 560 бала суға жүзудің бастапқы дағдыларын үйреніп, 22 практикалық сабақ өткізілген.

Сондай-ақ Сарыбел, Күршім ауылы және Бұқтырма су қоймасы маңындағы құтқару бөлімшелері жұмыс істеп тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив