KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Су айдындарын жіті қадағалайды – ШҚО

Фото: ШҚО ТЖД

6.06.2023, 16:10 221 Оразай Жеңісұлы

Төтенше қызмет өкілдері аптап ыстыққа байланысты су айдындарын бақылауды күшейтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің деректеріне сүйенсек, өңірде кешелі бері сынап бағанасы 30 градустан түспей тұр. Сондықтан халық жаппай өзен-көл жағасына ағылып жатыр. Ал құтқарушылар су айдындарын патрульдеу қызметін күшейтті.

Шомылу маусымы басталғалы бері барлығы 100-ге жуық профилактикалық рейд жүргізілді.

Тәжірибе көрсеткендей, жазатайым оқиғалар көбінесе шомылуға рұқсат етілмеген жағажайларда болады.

Сондықтан мамандар халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, суға түсуге тыйым салынған жерлерге ескерту белгілерін орнатуда.

«Аптап ыстық басталысымен бақылауды күшейттік. Қайықпен демалушылар жиі баратын жетуі қиын орындарды да аралап жатырмыз. Мұндай бақылау су айдындарындағы қайғылы оқиғаларды азайтуға септігін тигізеді», – дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Облыс әкімдігінің жаңа қаулысы бойынша биыл өңірде шомылуға арналған 21 учаске белгіленді.

Ал 74 учаскеде суға түсуге тыйым салынған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу