KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 4 м/с, ОШ
471.83 505.66 5.4

Алдағы жазда қайда шомылуға болады? – ШҚО

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

21.05.2024, 15:06 114 Ержан Әбіш

ШҚО әкімінің қаулысына сәйкес облыста жаз кезеңінде демалуға арналған 22 учаске анықталған, деп мәлімдеді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте.

Бұл учаскелерде 1 муниципалды (Ұлан ауданы), 5 коммуналдық (Өскемен – 2, Риддер – 1, Алтай ауданы – 2), 4 жеке (Ұлан ауданы) жағажай жұмыс істейді.

Облыстық мәслихат шешімімен шомылуға тыйым салынған 74 орын, шағын кемелердің жүзуіне тыйым салынған 29 орын анықталды.

Өткен жылы облыста 6 адам суға батты, барлық жағдайлар шомылуға жабдықталмаған жерлерде тіркелді. Бұқтырма су қоймасында 3, Зайсан көлінде 2 адам, Глубочанка өзенінде 1 адам суға батып кетті. 

Алдағы шомылу маусымы басталғанға дейін жағажайлардың түбін тексеру, арнайы қалтқылар, ескерту белгілерін, үгіт стендтерін қою жұмыстары жүргізіледі.

Қуатбек Кенжебекұлы атап өткендей, балалар лагерлерінің иелері шомылу маусымына дейін акваторияның түбін тексеріп, құтқарушы-жасақшыларды оқытып, медициналық құтқару бекеттерін құруы қажет. 

Құтқарушылар демалушыларды тек жабдықталған шомылу орындарын таңдауға, су айдындарындағы тыйым салу белгілерін ескеруге шақырады, өйткені бұл жерлерде қатты ағыс, шұңқырлар бар. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны не орындамағаны үшін жауапты азаматтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің баптары бойынша жауапқа тартылады.

Брифинг соңында құтқарушылар суға батып бара жатқан адамға қалай көмек көрсету және реанимациялық іс-шаралар өткізу бойынша мастер-класс өткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив