Глубокоеліктер «Шахан-атадай» өндіріс орнының болғанына қуанышты (видео)
Глубокое кентіндегі «Шахан-Ата» ӨКФ» кәсіпорнының нандары аудан орталығы мен Өскеменде 120 теңгеден сатылып жатыр. Бұл -әлеуметтік нанның бағасы, ал жалпы тұтынушыларға арналған нанның бөлкесі -150 теңгеден.
«Шахан ата» өндірісінде 120 адам жұмыс істеп жатыр.
«Шахан ата» өнімдерінің сапасы жоғары, бағасы қолжетімді. Өзге елден келіп жатқан тәттілердің қорабында өнімді бір айдан, бірнеше жылға дейін тұтынуға болатыны көрсетілсе, аталмыш кондитер цех өнімдерінің сақталу мерзімі ұзаса бір аптаға дейін. Мұның өзі жергілікті өнімдердің экологиялық жағынан таза екендігін, құрамында түрлі консерванттар қоспасының, ГМО, бояғыштардың жоқтығын көрсетеді. Өнімдер Өскеменнің барлық сауда дүкендерінде, Шемонайха, Риддер, Алтай, Катонқарағай, Самар аудандарының сауда орындарында сатылып келеді.
«Жұмыспен қамту -2020» «Жұмыспен қамтудың жол картасы- 2020» мемлекеттік бағдарламаларына қатысып, несие алған кәсіпорын ол қаржыға өндірістік құрал - жабдықтарын жаңартып, өнім түрлерін көбейткен. Алдағы уақытта кәсіпорын басшылығы өз жұмысшыларының әлеуметтік жағдайын жақсартуға қолдау көрсетіп, кентте оларға баспаналар салуды жоспарлап отыр.