Ұлан ауданында нанның бағасы қымбаттамайды
Ұлан ауданында нанның бағасы әкімдіктің күнделікті бақылауында, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бірінші сұрыпты нан бағасының қымбаттауына жол бермеу мақсатында ауылдық округ әкімдері, наубайханалар мен сауда орындары арасында үш жақты меморандум жасалып отыр.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде аудан бойынша 1-ші сұрыпты нанның бағасы 100 теңгеден аспайтын болады Нанның орташа бағасы - 96 теңге.
Оқи отырыңыз