Зайсан ауданында нанның бағасы қымбаттады
Зайсан ауданында 5 қазаннан бастап нанның бағасы бірден 30 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазір ауданда нан 90 теңгеден сатылуда. Бұл туралы ауданның тұрғындары әлеуметтік желіде жазып жатыр.
Бұған дейін Зайсан ауданының әкімдігі ұзақ уақыт бойы нанның арзан бағамен сатылуына ықпал етіп келген екен.