Ферроқорытпа зауытында зардап шеккен жұмысшылардың бірі қайтыс болды
шартты сурет: depositphotos.com
Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында апат болып, сегіз жұмысшы ауруханаға жеткізілген болатын. Жұмысшылардың бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Дәрігерлер алты пациенттің жағдайы өте ауыр деп мәлімдеген.
Еске салайық, бұған дейін Желіде ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендердің видеосы тараған еді. Кейінірек төтенше жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасалды.
Ферроқорытпа зауытында болған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы 2-бөлігі "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.