Шемонаихадағы жарылыстан екі адам қаза тапты
22 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында жанармай құю станциясында жарылыс болған.
Сол оқиғаның салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, екі зардап шегушінің денесінің 98 пайызын күйік шалған, жағдайы өте ауыр.
"Дәрігерлер тәулік бойы олардың өмірі үшін күресіп, қолдан келгеннің бәрін жасады, басқарма басшылығы оқиға орнында болды. Әр сағат сайын зардап шеккендердің жағдайы бойынша облыстық және республикалық дәрігерлермен телемедицина жүйесі бойынша кеңестер өткізілді. Зардап шеккендер 48 сағаттан кейін қайтыс болды. Мұндай күйік дәрежесімен адамдар әдетте бір күннен кейін қайтыс болады", деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.