Феррақорытпа зауытында күйік шалған жұмысшылардың жағдайы туралы айтылды
шартты сурет: depositphotos.com
Кеше Қарағандының «YDD Corporation» феррақорытпа зауытында өрт шығып, сегіз жұмысшы ауруханаға жеткізілген болатын. Компания бүгін аталмыш жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
"Жұмысшыларға алғашқы шұғыл және амбулаториялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар қажетті медициналық көмек көрсету үшін компания Ресейдің Вишневский атындағы орталығынан күйіктерді емдеудің үлкен тәжірибесіне ие ең мықты дәрігерлер тобын арнайы ұшақпен қысқа мерзімде келуін ұйымдастырды. Олар біздің дәрігерлермен бірлесе жұмыс жасайтын болады, - деп мәлімдеді «YDD Corporation» баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, күйік шалған 8 адамның алтауының жағдайы өте ауыр деп бағалануда.