Тарбағатайда аумағы атшаптырым саябақ ашылды
Тарбағатай ауданында Есенгелді бидің 330 жылдық мерейтойы атап өтілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Барқытбел бауырындағы Жаңалық ауылында 1694-1772 жылдары өмір сүрген қайраткер тұлғаның ұрпақтары баба мұрасын дәріптеу мақсатымен саябақ ашып, құлпытас орнатты. Тұғырлы ұрпақтың тағылымды ісі кейінгі буынға үлгі болатыны сөзсіз.
Өз кезегінде Тарбағатай ауданының әкімі жиналған жұртшылыққа мұндай игі істер береке-бірліктің арқасында атқарылып жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар Есенгелді бидің 330 жылдығына орай Жаңалық ауылында баба рухына ас беріліп, шағын футболдан, волейбол, еркін күрестен аудан аралық жарыс өтіп, аламан және құнан бәйге ұйымдастырылып, өнер жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті.