ШҚО-дағы ауылдардың бірінде саябақ құрылысы басталды
Тарбағатай ауданының Жаңалық ауылында саябақ құрылысы басталды. Жоба құны – 63 млн теңге.
Жергілікті бюджеттен сегіз млн теңге бөлінген. Қаражаттың қалған бөлігін Жаңалықтағы Есенгелді бидің ұрпақтары көтеріп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшыларына әрбір ауылды көгалдандыру, абаттандыру жөнінде тапсырма берген. Қазіргі уақытта республика көлемінде экологиялық акция жүріп жатыр. Осы науқанға қарапайым тұрғындармен қатар кәсіпкерлер де белсене атсалысуда.
Сонымен қатар кәсіпкерлер заманауи саябақ бой көтеретін аумаққа жақын орналасқан бұзылған ескі үйлерді күреп, аумақты тегістеп береді.
Осылайша ауылда заманауи саябақ бой көтеріп, ел игілігіне беріледі.