KZ
Өскемен
+8°
туман Штиль
478.89 528.74 5.29

«Ұмытшақтар» жауапқа тартылады – ШҚО

фото: gbu-nz.ru

8.08.2024, 10:35 86 Айжанат Бақытқызы

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жылдың басынан бері өрт пеште тамақты қараусыз қалдыру оқиғаларына елуден астам рет барды. Соңғы аптада ғана дәл осындай үш оқиға болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мұндай жағдайлардың орын алуына адамдардың ұмытшақтығы себеп екендігі белгілі. Олар пешке тамақ салынған табаны қойып, бұл туралы тек пәтері түтіндегенде ғана есіне түседі.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, ұмытшақ тұрғындардың дені – үй шаруасындағы әйелдер, қарт адамдар, түнгі ауысымнан келген немесе мас адамдар. Ал кейде көршінің шақыртуымен келген өрт сөндірушілер үй иесін таппай қалатын жағдайлар да болады.

«Тағам жанған кезде ерекше өткір иіс пайда болады. Ыстық табаның айналасындағы температура көтеріледі. Ыдыстағы тағам немесе май жануы мүмкін. Жоғары температураның салдарынан жақын маңдағы шкаф, ілулі перде сияқты жанғыш материалдар тұтануы мүмкін. Кәстрөлдің тұтқалары немесе кесу тақталары сияқты пластик заттар ери бастайды. Сондай-ақ, пластмассадан улы заттар бөлінеді», - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

«Ұмытшақ» азаматтар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, атап айтқанда: «Өрт қауіпсіздігі қағидаларында көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе сақтамау ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Апатпен аяқталуы мүмкін мұндай оқиғаларды болдырмау үшін ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік ережелерін еске салады:

- қосулы пешті қараусыз қалдыруға болмайды;

- шаршасаңыз демалыңыз, тынығып болған соң ғана тамақ дайындауға кірісіңіз;

- пештің жанында жанғыш материалдар немесе заттар болмауы керек;

- пәтерде өрт сөндіргіштің болғаны жөн.

Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 телефондарына хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив