KZ
Өскемен
-18°
небольшая облачность Штиль
504.6 594.27 6.48

ШҚО ТЖД: Пеште қараусыз қалған тамақ өртке себеп болуы мүмкін

24.04.2024, 17:32 320 Ержан Әбіш

Жыл басынан ШҚО өрт сөндірушілері пәтер тұрғындарының тамақты пеште қараусыз қалдыруларына қатысты 30-дан астам мәрте оқиға орындарына шыққан, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Соңғы жағдай Өскемендегі Қазақстан көшесі бойында болды. Бесқабатты үйдің 3-ші қабатындағы пәтерде пеште қараусыз қалған тамақтың кесірінен асүйдің пердесі мен керілмелі төбесі жанып кетті. 

– Тамақ жанған кезде таралатын түтін пәтерден тыс жерлерге тез тарайды. Жоғары температурадан табаның тұтқалары, пеш маңындағы пластмассадан жасалған бұйымдар, мысалы кесу тақтасы ери бастайды. Пластмасса уытты газ бөледі, – дейді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

Тамақты пеште қалдырған үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 410-шы бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған.

ШҚО ТЖД тамақ тұрған электр плитасын қараусыз қалдырмауды, электр пештердің жанына перде ілмеуді, жанғыш материалдарды қоймауды ескертеді. Пәтерде өртсөндіргіштің болғаны жөн.

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу