KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО бойынша  ас үйден шыққан өрттен  94 жағдай тіркелген

ШҚО ТЖД баспасөз-қызметі

23.11.2023, 17:04 195 Анель Слямғазықызы

2023 жылдың басынан бастап өңірде ШҚО ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері  90-нан астам өртті ауыздықтаған.

Пәтер тұрғындарының ұмытшақтығынан, пеште тамақты қараусыз қалдырады. Тамақпен бірге кастрөлді немесе табаны пешке қойып,  ұмытып кетеді.  Көбінесе мұндай жағдайлар  - үй шаруасындағы әйелдерде,  қарт адамдар мен түнгі ауысымнан үйге келетін адамдарда, мас күйіндегі тұрғындар да жиі кездеседі.  

«Күйген тамақтың иісі бүкіл үйді алады. Онымен қоса температура көтелілгенде үй жиһаздары өртенеді. Мысалы, жақын жерде тұрған шкаф, перде. Пластмассалық заттар балқығанда  улы зат бөледі, содан сақтануымыз керек»,- деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

     ШҚО-да мұндай салғырттық жасаған  94 адам «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

               

ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері:

  • тамақ жылытылып жатқанда, қосылған электрпештерді қараусыз қалдыруға болмайды; пештің жанында жанғыш материалдар мен
  • перделерді орналстырмаңыз;
  • шаршап тұрсаңыз демалғаннан кейін ғана тамақ дайындауды бастаңыз;
  • пәтерде өрт сөндіргіш құрал болғаны дұрыс.

Өрт кезінде 101 ил 112 нөміріне  хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу