KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
477.45 527.1 5.24

Қандай өнімдер арзандады?

фото: depositphotos.com

13.08.2024, 16:39 79 Айжанат Бақытқызы

Сауда комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының Ұлттық статистика бюросындағы былтырғы және биылғы тамыз айындағы бағаларына талдау жүргізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына енетін өнімдердің басым бөлігінің бағасы былтырға қарағанда арзандаған.

Сұйық май: елде жыл басынан сұйық майдың бағасы 15% арзандаған. Былтыр тамызда сұйық майдың 1 литрі 781 теңге болған болса, биыл бұл баға 626 теңгеге дейін арзандаған.

Пияз: пияз бағасы былтыр 177 теңге болса, биыл дүкен сөрелеріне 129 теңгеден сатылуда.

Қырыққабат: қырыққабат осыдан 1 жыл бұрын 159 теңгеден сатылған болса, қазір республика бойынша орташа бағасы 124 теңгені құрап тұр.

Қант: былтыр қанттың 1 келісі 434 теңгеге дейін жетсе, қазір оның бағасы 415 теңгеге арзандаған.

Сәбіз: сәбіздің келісі бір жыл бұрын 198 теңгеден саудаланса, биыл 188 теңгені құрап отыр.

Қарақұмық жармасы: қарақұмық жармасының құны 1 жыл бұрын 338 теңге болса, қазір республика бойынша орташа баға 222 теңгеге арзандаған.

Бидай ұны: бірінші сорт бидай ұнының 1 келісі 2023 жылдың тамызында 232 теңге тұрса, биыл 228 теңгеге түскен.

1 жыл ішінде тұз бен рожки бағасы еш өзгеріссіз қалған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив