Қазақстанда ұн, қант, тұз қымбаттады
2024 жылдың 12 сәуірінде Ұлттық статистика бюросы соңғы аптада елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы қалай өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ақпаратқа сәйкес, 9 сәуірдегі жағдай бойынша:
Баға өсті:
бірінші сұрыпты ұн – 0,9%-ға,
сары май – 0,3%-ға,
тауық еті (сан еті) – 0,5%-ға,
сәбіз – 1,4%-ға,
қант – 1,1%-ға,
тұз – 0,1%-ға.
Арзандады:
макарон өнімдері – 0,2%-ға,
күріш – 0,4%-ға,
қарақұмық – 1,2%-ға,
күнбағыс майы – 0,1%-ға,
жұмыртқа - 0,5%,
картоп – 0,5%-ға,
пияз – 5,3%-ға,
қырыққабат – 0,8%-ға.
9 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа бағасы:
сары май – 4064 теңге/кг,
сүзбе – 2161 теңге/кг,
қырыққабат – 151 теңге/кг.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінде 19 атау бар. Баға мониторингі апта сайын жүргізіледі.