Облыс әкімі: Ұяттарың жоқ
“Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында Өскеменде үш мектеп салынып жатыр. Соның бірі Бабкина мельница шағын ауданында бой көтеріліп жатыр. Бұл білім ордасы жоспар бойынша биылғы оқу жылының басында пайдалануға берілуі керек еді. Алайда құрылыс баяу жүріп жатқандықтан, уақыты созылып кетті.
Облыс әкімі, нысанда жүргізіліп жатқан құрылыс барысымен танысып, жұмыс қарқынына көңілі толмады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сонымен қатар таңертеңнен бастап, Глубокое ауданында салынып жатқан мектептің құрылысымен танысып, “Согра” ЖЭО барған облыс әкімінің Бабкина мельница шағын ауданында бой көтеріліп жатқан мектепке кешігіп келді деп, әлеуметтік желіде жазба қалдырған құрылысшылар, алтын уақытын білім ошағының құрылысына жұмсаса игі еді. Әйтпесе мына қарқынмен өздері айтқан қазан айында емес, жаңа жылдың қарсаңында аяқтайтын түрі бар.
Айта кетейік Білім ошағы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында "Samruk-Kazyna Construction" АҚ тапсырысымен салынып жатыр.








