KZ
Өскемен
-7°
туман жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Күзде үш "жайлы мектеп" есігін айқара ашады — ШҚО

8.06.2024, 14:35 641 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында үш білім ордасы салынып жатыр. Алдағы оқу жылында Есенберлин даңғылы мен Уәлиев көшесінде, сондай-ақ Бабкина мельница ауданында жаңа мектеп бой көтереді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың аяғына дейін өңірде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысымен жалпы құны 34,7 млрд теңге болатын 4200 орындық 10 мектеп салынуға тиіс.

- Биыл облыс бойынша жеті мектептің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Оның үшеуі жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Олар Өскемендегі Уәлиев, Тимофеев көшелерінде және Риддер қаласында салынып жатқан мектептер. Қазіргі уақытта директорлар тағайындалып, қажетті құжаттар рәсімделіп жатыр, - деді облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.

Құрылыс барысын бақылап көрген облыс әкімі Ермек Көшербаев жұмыстарды сапалы жүргізіп, дер кезінде аяқтауды тапсырды.

 
- Қажет болса, қосымша жұмыс күшін тарту керек, тек барлығы заң аясында болуға тиіс. Біз де өз тарапымыздан кез келген уақытта көмектесуге дайынбыз. Білім басқармасы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына баса назар аударғаны жөн. Тұрғындарға барлық ақпарат қолжетімді болуы қажет, - деді облыс әкімі.

Қала шетіндегі Бабкина мельница ауданында осы уақытқа дейін мектеп болған жоқ. Балалар орталықтағы мектептерге келіп оқып жүрді. Енді, міне, жаңа оқу жылында тұрғындар асыға күткен 300 орындық білім мекемесі есігін айқара ашады. Ал Уәлиев көшесі мен Есенберлин даңғылында орналасатын әр мектепте бір ауысымда 600 оқушы білім алады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив