Бабкина мельницадағы «жайлы мектеп» келесі жылы қолданысқа беріледі
Облыс орталығында құрылысы басталған бір білім ордасы келесі жылдың қыркүйек айында қолданысқа берілуі мүмкін.
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Бабкина мельница ауданында салынып жатқан мектептің құрылысымен танысып қайтты. Айта кету керек, аталмыш білім ордасы «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтеруде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО-да "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 4200 орындық 10 мектеп салу жоспарланған. Ал, облыс орталығында үш нысан салынуда.
Бабкина мельница ауданында мектептің салынуы ондағы тұрғындар үшін қуанышты жаңалық болғаны сөзсіз. Себебі бүгінгі күнге дейін онда білім беру мекемесі болмапты.
Сонымен қатар, шаhар басшысы аталған мектеп келесі жылдың қыркүйек айында қолданысқа берілуі мүмкін екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, оқу-ағарту вице-министрі «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын мектептер толықтай отандық өніммен жабдықталатынын айтқан болатын.