Мектепке барар жол қаншалықты қауіпсіз? – ШҚО
фото: depositphotos.com
Жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуге тиіс. Шығыс өңірінде «Жол картасы» аясында бірқатар нақты жұмыстар атқарылып жатыр.
Бүгінде облыс бойынша білім беру нысандарының жанына 128 жол белгісі орнатылған: Өскеменде – 14, Риддерде – 19, Глубокое ауданында – 26, Зайсан ауданында – 29, Катонқарағай ауданында – 4, Шемонаиха ауданында – 36. Бұл жөнінде білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева мәлімдеді.
– Жоспар бойынша 76 жасанды жол дөңесі орнатылуға тиіс еді. Соның 24-і жасалды. Риддер қаласында және Алтай, Глубокое аудандарында жол белгілерін орнату жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Зайсан, Күршім, Тарбағатай аудандарында бюджеттен қаржы бөлініп, конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Ұлан және Самар аудандарына қаражат бөлігенімен, конкурстық рәсімдер әлі жүргізілмеген, – деді басқарма басшысы.
Катонқарағай ауданында жол белгілерін орнатып, жасанды жол дөңестерін салу үшін қаражат қарастырылмаған көрінеді.
Оқи отырыңыз