ШҚО-да биыл 562 отбасы баспаналы болады
ШҚО-да биыл 562 көпбалалы отбасы баспаналы болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жыл соңына дейін облыста 5 жаңа тұрғын үйлерді салу есебінен 193 отбасына пәтер беріледі: Семей қаласы – 125, Глубокое ауданында – 15, Ұлан ауданында – 40, Аягөз ауданында - 13.
Жеке құрылыс компанияларынан сатып алу есебінен 369 шаңырақ баспаналы болады: Абай ауданында – 20, Аягөз ауданында – 20, Бесқарағай ауданында – 30, Бородулиха – 4, Глубокое - 20, Жарма – 48, Зайсан -16, Алтай – 5, Катонқарағай – 6, Көкпекті – 20, Күршім – 20, Тарбағатай – 61, Ұлан – 16, Үржар– 40, Шемонайха – 12, Курчатов қаласында -15, Риддер қаласында – 12, Семейде – 4)
Облыстық бюджеттен Жарма және Бесқарағай аудандарына пәтер алуға қаражат бөлінді.