Өскеменде жер үй өртенді
Облыс орталығында жер үй өртенді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, оқиға Полевая көшесінде болған. Құтқарушылар келгенше тұрғындар қауіпті аймақтан шығып үлгерген, алайда өрт өрши түскен.
Құтқарушылар 128 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндіріп, үш газ баллонын сыртқа шығарды.
Өрт отты абайсыз пайдаланғаннан болған.
Оқи отырыңыз