KZ
Өскемен
-22°
туман жел 2 м/с, С
508.91 594.36 6.33

Өрт сөндірушілер үйден үш газ баллонын алып шықты – ШҚО

сурет көрнекілік үшін ашық дереккөзден алынды

27.03.2024, 09:48 292 Оразай Жеңісұлы

Глубокое кентінің Калинин көшесінде жер үй өртенді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өрт сөндірушілер қырық шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндіріп, үйден үш газ баллонын алып шықты.

– Үй иелері электр жабдықтарын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын бұзған. Соның салдарынан оқыс жағдай туындап отыр. Тұрғындарға ескертеміз, электр сымдары мен пештің жағдайына ерекше назар аударған жөн, – деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу