Қаржы саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді – ШҚО
Биыл Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына он жыл толып отыр. Осыған орай қаржы саласының қызметкерлері кәсіби мерекесі мен мерейтойды қатар атап өтті.
Облыс орталығында өткен мерекелік іс-шарада бірқатар сала маманы облыс әкімінің құрмет громатасымен және алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мемлекеттік кірістер органдары бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік дамуы мен мемлекеттік эконмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосуда. Өңірлерді дамыту ісі әртарапты жүреді. Десе де барлық жұмыс мемлекеттік салық қорының әлеуетіне толық байланысты болып келеді. Бұл мақсатта, мемлекеттік кірістер органдары халық қазынасын молайтып, еліміздің өркендеуіне мол үлес қосуда. 2014 жылдан басталған қызметке биыл 10 жыл толып отыр. Салтанатты Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы залында аталып өтті. Мерейлі кешке Шығыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы Бақытжан Байахметов қатысып, қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Департаменттің бұл үрдістегі рөлі өте маңызды, себебі стратегиялық жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндігі мемлекеттік кірістерді жинаудың сапасы мен тиімділігіне тікелей байланысты.