KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
479.38 531.63 5.27

Президент Жолдауы: ШҚУ түлектері су ресурстарын басқарудағы әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді

5.09.2024, 12:33 102 Жанаргүл Мұқатай

Су ресурстарын басқару – стратегиялық міндет. Елімізде суды үнемді пайдалану, су көздерін қорғау, су қорларымен қамту, ирригация жүйелерін дамытып, ауыл шаруашылығына сумен қамту технологияларын кеңінен енгізу сияқты ел экономикасын тіктеп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасз етуге қатысты мәселелер батыл шешімдер қабылдап, нәтижеге жетуді күтіп тұр. Өскемендегі  С. Аманжолов атындағы ШҚУ ұжымы Президент Жолдауы Үкіметтің, Парламенттің және жергілікті билік органдарының жұмысын ширатып, халық алдындағы жауапкершілігін күшейтеді деген сеніммен  Мемлекет басшысының алдыға қойған жаңа міндеттерін  бірлесе орындауға жұмылып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында  заман талабына сай  саяси экономикалық дамудың нақты бағдарларын жүзеге асыру керектігін атап көрсетті. Соның ішінде, елімізде тиімді ирригация жүйелерін құру және жалпы су шаруашылығы мәселесімен мұқият айналысу міндеттерін алдымызға қойып отыр.

Сумен қамтамасыз ету, су қауіпсіздігі, су ресурстарының ластануы және су объектілеріндегі флора мен фаунаның биоалуантүрлілігінің азаюымен байланысты мәселелерді шешу күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер. 
Бұл мәселелер ең әуелі гидроэкология, су ресурстарын қорғау және су қауіпсіздігін басқару саласында білікті де білімді кадрлар даярлау міндеттейді.

Қазақстанда гидрогеология, гидрохимия, гидробиология, су ресурстарын қорғау және басқару, трансшекаралық су қауіпсіздігі саласында интеграцияланған және пәнаралық білім беру бағдарламаларының болмауы жаңа инновациялық білім беру бағдарламасын ашуға себеп болды. Былтыр С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Төлеген Мұхтардың бастамасымен оқу орнымызда   "Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі" білім беру бағдарламасы ашылған болатын.  Соның ішінде, 2023 жылы біздің IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің «Экология және география» кафедрасы базасында инновациялық  - «Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы ашылды.

Білім беру бағдарламасының мақсаты: Гидроэкология, су ресурстарын қорғау және басқару саласында гидроресурстардың мониторингі, олардың ластануын талдаудың және тазартудың заманауи геоақпараттық әдістеріне ие болып, суды ұтымды пайдалану жөніндегі экологиялық нормалар мен стандарттарды ескере отырып, тиімді кәсіби қызметті құруға және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Трансшекаралық сулардың су қауіпсіздігін, математикалық модельдеу және эксперименталды зерттеулер көмегімен суды пайдалану тәуекелдерін бағалау, заманауи цифрлық технологияларды меңгерген, қолданбалы бағдарламалық жасақтаманың көмегімен су объектісінің жағдайын зерттейтін және басқара алатын гидролог және гидрохимик, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мамандарды даярлау біздің міндет. 

Қазіргі таңда 40-тан астам студент осы білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатыр. Құдай қаласа 2027 жылы бірінші түлектерді қанаттандырамыз.

Мемлекет басшысының назар аудартып отырғанындай, біздің гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі, гидрология жүйесі бағытында дайындап жатқан мамандарымыз  еліміздің кадрлық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.  Су,  құрылыс  салаларынла қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жоюға септігін тигізеді.

Салтанат Адиқанова,
 С.Аманжолов атындағы ШҚУ
IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы, PhD, қауымдастырылған профессор

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив