KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

Бүгін - Дүниежүзілік су ресурстары күні

pixabay.com

22.03.2024, 21:00 191 Назерке Каримова

1992-ші жылы БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі конференциясында 22 наурыз - Дүниежүзілік су ресурстары күні деп жарияланған болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл күні біз тіршілік көзі болып табылатын судың баға жетпес байлық екенін тағы бір мәрте еске салып, су ресурстарын сақтау және оны тиімді пайдаланудың маңызды жөнінде ойлануымыз керек.

Осы мақсатта, Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңа Су кодексінің жобасын әзірледі. Жаңа Су кодексінде су ресурстарын тиімді пайдалануға, су үнемдеу технологиялары мен суды қайта пайдалану жүйелерін қарқынды енгізуге басымдық беріледі. Ал су саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілік заңнамалық деңгейде күшейтіледі.

- Бұдан бөлек, Үкімет біздің министрлік әзірлеген ҚР су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті, - деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі. - Тұжырымдамада еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тапшылығын азайту мақсатында 20 су қоймасын салу, 15 су қоймасын және 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналды реконструкциялау және гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту бойынша бірқатар шұғыл шаралар қарастырылған.


Бүгінгі таңда Қазақстанда ауыл халқының 96,6%-ы, қала тұрғындарының 98,9%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Министрлік 2025 жылдың соңына қарай қазақстандықтарды 100% сапалы ауыз сумен қамтуды жоспарлап отыр.

Министрлік жұмысының тағы бір басым бағыты - елімізде су ресурстарын ұқыпты пайдалану мәдениетін қалыптастыру.

- Суды тек кәсіпорындар мен шаруалар ғана емес, кез-келген қазақстандық үнемдеуі тиіс. Сол себепті де сіздерді ортақ іске үлес қосып, судың әр тамшысына жауапкершілікпен қарауға шақырамын, - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу