KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,4 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Марқакөлдегі дәрігер тапшылығын жою керек – ШҚО әкімі

6.09.2024, 12:32 158 Қызырбек Дүргінбайұлы

Алдағы уақытта денсаулық сақтау саласында базалық мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакеті жасалады. Аймақ басшысы Марқакөл ауданының әкіміне медицина кадрларының тапшылығын толтыру жөнінде кешенді шаралар қабылдау туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Марқакөл ауданының Ұранхай және Ақжайлау ауылдарында екі медпункт салынған. Аталмыш  медициналық пунктер мен Марқакөл ауылындағы дәрігерлік амбулатория толық жабдықталған.

– Дәрігерлер тапшылығы бар. Денсаулық сақтау басқармасына Марқакөл ауылының дәрігерлік амбулаториясын аудандық ауруханаға қайта ұйымдастыруды ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін аяқтауды тапсырамын. Сондай-ақ экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп келесі жылы Марқакөл ауылының дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жүргізуге қаражат бөлуді жоспарлауы тиіс, – деді ШҚО әкімі.

Сонымен қатар бүгінде аудан бойынша білім беру ұйымдарында 75 спорт орындары және Қалжыр ауылында спорт модулі  жұмыс істеп тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу