KZ
Өскемен
-28°
плотный туман жел 1 м/с, С
523.72 544.09 5.2

ШҚО-да көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды

Фото: paryz.kz

22.02.2024, 10:27 149 Ләззат Қанатқызы

Облыс аумағындағы облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

"Облшығысжол" ЖШС ақпараты бойынша, бүгін сағат 10-00-ден бастап облыстық маңызы бар:

  1. Шемонаиха – Секисовка (0-54 шақырым);
  2. Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха (87-72 шақырым, Шемонаиха қ. - ШҚО және Абай обл. шек) учаскесінде рейстік жолаушы автобустар мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу алынды.

"Қазақавтожол" ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша; бүгін 10-00-ден бастап бастап республикалық маңызы бар Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары (Берел а.- Рахман бұлақтары шипажайы) учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды.

"КАЖсервис" ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, бүгін 10-00-ден бастап республикалық маңызы бар:

1) Алматы-Өскемен (1013-1048 км, Абай обл шекарасы-Ұлан ауылы);

2) Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» (15-105 шақырымы, Белоусовка кенті – Риддер қаласы);

3) Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы (15-102, 105-123 Глубокое ауданы - Шемонайха қ – РФ шекарасы);

4) Өскемен-Семей (10-103 шақырымы, Герасимовка ауылы-Абай обл. шекарасы);

5) Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары (6-166 шақырымы, Ушанов ауылы-Рахман қайнары);

6) Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл (0-124 шақырымы Дайыр ауылы-Марқакөл).

7) Омбы-Майқапшағай (1103 -1256 шақырымы Абай обл. шек. - Зайсан қ.) дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық көлік пен автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу алынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу