ШҚО-да бірқатар жолда көлік қозғалысы шектеледі

сурет: depositphotos.com
ШҚО-да ауа райына байланысты бүгін сағат 18.00-ден бастап тасжолдарда бірқатар көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Айта кетсек, облыс аумағында - 45°С дейін аяз түсуі мүмкін.
«ҚАЖсервис» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, аязға байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың барлық учаскелерінде дизельмен жүретін қоғамдық көліктер мен автомобильдердің қозғалысы шектеледі:
1) Алматы - Өскемен, 1013-1048 шақырымы (Абай облысының шекарасы – Ұлан ауылына бұрылыс);
2) Өскемен - Риддер – РФ шекарасы,15-105, 129-191 шақырымы (Белоусовка кенті – Риддер қаласы – РФ шекарасы);
3) Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы, 15-102, 105-123 шақырымы (Глубокое кентіне бұрылыс – Шемонаиха қаласы – РФ шекарасы);
4) Өскемен – Семей, 10-45, 48-103 шақырымы (Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы);
5) Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары, 6-450 шақырымы (Ушанов ауылы – Рахман қайнарлары);
6) Омбы – Майқапшағай – Қалжыр – Марқакөл, 0-124 шақырымы (Дайыр ауылына бұрылыс – Марқакөл ауылы);
7) Омбы - Майқапшағай, 1103-1256 шақырымы, (Абай облысының шекарасы – Зайсан қаласы).