KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

ШҚО-да болашаққа қажетті мамандар даярлануда

29.11.2019, 03:06 198

ШҚО-ның колледждерінде болашаққа аса қажетті мамандар даярлануда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биыл жоғары сұранысқа ие 100 мамандықтың 65-сі техникалық және кәсіптік білім беру саласының мамандары екені анықталды. Оның ішінде ІТ-мамандар, 3D модельдеу және бағдарламалау бойынша инженерлер, "ақылды қала" салу үшін сәулетшілер мен жобалаушылар, мультимедиялық және графикалық дизайнерлер, өндірісті автоматтандыратын мамандар бар.

Еңбек нарығы жаңа технологияларды жетік меңгеретін мамандарды талап етеді. Осыған орай техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын дамытудың кезеңдік жоспары құрылған. Ағымдағы жылы облыстағы 14 колледждегі 32 кабинет қайта жабдықталды. Болашақ жас мамандарға сапалы білім беру үшін өндіріс орындарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істелуде.

Аталған білім беру саласы жайында ШҚО әкімі Даниал Ахметов ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтып берді.

Семейдегі Электротехникалық колледж бен Өскемендегі политехникалық колледждің базасында ІТ-бағыттағы орталықтар ашылған. Оған облыстық бюджеттен 398 млн теңге бөлінді. Өскемендегі көпсалалы технологиялық колледжде "KAZMINERALS"-тің қолдауымен арнайы орталық ашылды. Оған қажетті құрал-жабдықтарды алуға 300 млн теңге бөлініп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив