KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
450.79 482.21 5.05

Шығыста студенттерге қандай жеңілдіктер бар?

Фото: С.Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі

16.12.2022, 14:02 617 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО студенттері үшін қандай әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған?

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ білім алудағы жеңілдіктер, атаулы шәкіртақылар және гранттар жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Айта кетсек, мемлекет басшысы жоғары білім саласындағы реформалардың жалғасуына екпін қойған еді. Яғни, жылдық 2-3%-бен оқуға білім беру гранттары мен жеңілдікті кредиттер бөлу.    

ШҚУ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бүгінде әлеуметтік бағдарланған ЖОО студенттерге оқу-әдістемелік бағытта да, оқу ақысы бойынша жеңілдіктер беруде де барынша қолдау көрсетіп отыр. Университетте жыл сайын «Білім алушыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы ереже» бекітіліп, оған сәйкес студенттерге растайтын құжаттар болған жағдайда оқуға жеңілдіктер беріледі.

Жеңілдіктер білім алушылардың мынадай санаттарына беріледі: жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, I, II, III топтағы мүгедектер қатарындағы азаматтарға, бала кезінен мүгедектерге, университетте немесе колледжде бір отбасының екі және одан да көп мүшелерін бір мезгілде оқуы кезінде, көпбалалы отбасынан шыққан білім алушыларға, ата-анасы немесе екі ата-анасы да мүгедек студенттерге, ата-аналары университет қызметкерлері-оқытушылары болғанда, ерекше үлгідегі аттестаты бар немесе «Алтын Белгі» белгісі бар мектеп түлектеріне, облыс құрамаларының мүшелеріне, соңғы үш жылда Қазақстан Республикасы деңгейінде 1, 2, 3-ші орында тұрған спортшыларға, облыстық орындаушылық шеберлік байқауларының лауреаттарына, сондай-ақ «Шығыс таланттары» байқауының лауреаттарына.

Сонымен қатар, университет үздік талапкерлерге қолдау көрсету мақсатында Абай және Аманжолов атындағы атаулы шәкіртақыларды тағайындайды.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын анықтау және дамыту, жастар арасында ғылыми білімді танымал ету және насихаттау, жастардың жеке тұлғаны қалыптастырудың алғашқы кезеңдеріндегі кәсіби бағдарлануы мақсатында университет кафедралары 25-тен астам пәндік олимпиадалар ұйымдастырады. Олимпиада жеңімпаздары университет грантына үміткер бола алады.

Одан бөлек, ЖОО облыстық және республикалық «Туған ел. Туған жер. Туған глобал», «Менің Қазақстаным»,  «Абай оқулары», «Педагогикалық ассорти» олимпиадаларын өткізеді. Ондағы жеңімпаздарға оқудың барлық кезеңіне 100% жеңілдік беріледі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив