Ұлан ауданында 320 орындық жаңа мектеп ашылды
Бүгін Қасым Қайсенов кентінде 320 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды.
Білім ордасы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында және өңір басшысының тікелей қолдауымен салынған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқушы орныдарының жетіспеушілігі аудан орталығында бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселелердің бірі болатын.
600 орынға арналған жалғыз Р. Мәрсеков атындағы орта мектебінде
қазір 1450 бала білім алып жатқан көрінеді.
- Даниал Кенжетайұлы кенттің дамуы мен халықтың өсуін ескере отырып, келесі жылы 600 орындық тағы бір жаңа мектеп салынады деп уәде берді. Бұл қазірдің өзінде оқу орындарымен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешіп, болашаққа қажетті үлес қосады, - деп атап өтті аудан әкімі Ренат Құрмамбаев.
Оқи отырыңыз