Соңғы бір тәулікте 15 адам COVID-19 жұқтырған
COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК 18 маусымдағы елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы ақпаратты жариялады. Инфекция жұқтырушылар Алматы мен Нұр-Сұлтанда, сондай-ақ Қарағанды облысында анықталды.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 15 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:
-
Нұр-Сұлтанда – 2,
-
Алматыда – 12,
-
Қарағанды облысында - 1.
Жалпы, елімізде 1 305 950 жағдай расталды.
11 адам коронавирус инфекциясынан емделді, оның ішінде:
-
Нұр-Сұлтанда - 7,
-
Алматыда - 3,
-
Жамбыл облысында - 1.
Жалпы, елімізде COVID-19-дан 1 292 152 адам емделіп, жазылды.
Оқи отырыңыз