KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Көпбалалы аналар үшін ашық есік күні өткізіледі – ШҚО

28.02.2023, 09:44 376 Ләззат Қанатқызы

ШҚО Көпбейінді онкология және хирургия орталығы көпбалалы аналар үшін ашық есік күні өткізіледі.

Облыстағы көпбалалы аналар 4 наурыз күні сағат 9.00 — 13.00 сағат аралығында білікті мамандардың қарауында болып, ақыл-кеңес ала алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Аналарды онколог-хирург, маммолог, гинеколог-онколог мамандар қабылдайды. Ешқандай учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейді, тек жеке куәлік пен көпбалалы ана куәлігі болса жеткілікті, - делінген хабарламада.

ШҚО Көпбейінді онкология және хирургия орталығының мекенжайы: Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, 1 корпус (консультативтік-диагностикалық ғимарат). Қосымша ақпарат алу үшін +7(7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу