Жер үсті өткеліндегі қоршауды сындырған ер адам жазаланды – Өскемен
Фото: paryz.kz
Абай даңғылының бойында орналасқан жер үсті өткелінде қоршауды қасақана сындырып кеткен ер адам қамауға алынды.
Ол бейнебақылау камералары арқылы анықталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кадрлардан ер адам баспалдақпен көтеріліп бара жатып, кері айналып келіп қоршауды сындыра бастағанын көруге болады. Келтірілген шығын көлемі 115 000 теңгеден асты.
- Ер адам неліктен олай еткенін полиция қызметкерлеріне түсіндіре алмады. Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысы бойынша азамат ҚР ӘҚБтК-нің 147-1 бабы бойынша (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз