Риддерде шектеулерді бұзған 30 адам жазаланды
Риддерде шектеу шараларын бұзған 30 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы аталмыш қаладағы мамандандырылған әкімшілік соттың өкілдері мәлімдеді.
– Төтенше жағдай режиміне байланысты енгізілген шектеулерді бұзғаны үшін отыз адам жауапқа тартылды. Жиырма үш тұрғынға 26 500 теңге көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді. Ал алты тәріп бұзушыға қатаң шара қолданылды. Яғни олар бес тәулікке қамауға алынды, – деді әкімшілік сот кеңсесінің басшысы Гүлбаршын Ильбисинова.
Оқи отырыңыз