Өртке қарсы ережені қасақана бұзғандар жазаға тартылады
Рұқсат етілмеген от жағу және өртке қарсы ереже бұзылған құрғақ шөптің бақылаусыз жануы үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 336-бабы бойынша қалдықтарды жинау немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ТЖД мамандары ескертеді:
- ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 410-бабы бойынша ӨҚК талаптарын бұзу немесе орындамау, ескертуге немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;
- ҚР Қылмыстық Кодексінің 204-бабының 2-бөлігі бойынша отты немесе өрт қауіпті өзге де заттарды абайсызда пайдалану жолымен жасалған, не ауыр зардаптарға әкеп соқтырған, немесе аса ірі залал келген бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру – екі мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не түзеу жұмыстарымен, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.