KZ
Өскемен
туман жел 2 м/с, В
504.34 556.34 5.97

"Қызыл Ту" мұз өткелінде 1,5 тоннадан аспайтын көліктің жүруіне рұқсат етілді

26.01.2022, 13:53 459

"Қызыл Ту" мұз өткелі бойынша толық салмағы 1,5 тоннадан аспайтын көлік құралдарының жүруіне рұқсат етілді. Бұл туралы Әкімшілік полиция басқармасы хабарлады.

Бұл шектеулер мұздың қалыңдығы мен мұз жамылғысының жай-күйін ескере отырып енгізілген.

-  Күршім ауданы мен облыс орталығы арасындағы үлкен жүк көліктерінің тасымалы "Күршім - Үлкен Нарын - Алтай - Өскемен" және "Күршім-Зайсан - Өскемен" автомобиль жолдары бойынша жүзеге асырылады, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін "Қызыл Ту" мұз өткелі бойынша салмағы тек 1 тоннадан аспайтын көліктің жүріп-тұруына ғана рұқсат берілген болатын.

        

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу