KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Аягөзде атбегілерге ескерткіш қойылды

7.12.2020, 10:43 103

Аягөз аудандық білім бөлімінің бастығы Нұрғали Әзімбаевтың бастама, басшылығымен  Бидайық селолық округі шегінен өтетін Аягөз-Баршатас автокөлік жолы бойына Шұбартаудың шашасына шаң жұқпаған, республикалық аламан ат бәйгелерінде алдына қара салмаған «Нарқызыл» жүйрікті дүбірлі жарыстарға баптап қосқан танымал бапкер, заңғар жазушы Мұхтар Мағауиннің атасы Мағауия қарияның, өңірде ұлттық ат баптау өнерін өрістеткен атбегілердің есімдері мен олардың жүйріктерінің аттары мәрмәр тасқа қашалып жазылған ескерткіш қойылды.


Алда осын-ау жолмен жүрген жолаушылар көліктерінің тізгінін тартып, ескерткішті тамашалай осы төбені «Нарқызыл төбесі» атандырса ол қазақтың ат өнеріне, елге есімдері мәлім шұбартаулық атбегілерге деген құрмет болары сөзсіз.


Рухани тағылымы терең ескерткіштің көрнекті тұғырға қойылуына Мәдениет ауылын-дағы Е.Рахмадиев атындағы орта мектеп директоры Мұхит Ғайсиннің жетекшілігімен Мұрат Смағұлов, Медеу Сыздықов, Қуаныш Мұхтарбекұлы мен Қайрош Жұмаханов сынды ұлт жанды азаматтар атсалысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив