Ауданға жабық хоккей модулі керек - Глубокое
Аудандағы хоккей алаңдарына мұз құйыла бастады. Қыстың қызығы басталуға жақын. Алайда тұрғындар аудан басшылығынан жабық кешен салып беруді де сұрайды.
– Биыл ауданымызда 18 мұз айдыны болады. Мұнда балалармен қатар ересектерге де коньки тебуге, хоккей ойнауға болады. Алайда, карантин талабына сай, бір сәтте алаңда 15 адамнан артық жүруге болмайды. Алаңдарды білім беру мекемелерінің қызметкерлері, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, спорт мектептерінің бапкерлері және ерікті азаматтар дайындап жатыр, – деді аудан әкімі Тамара Рахимжанова.
Айта кету керек, әкімге әлеуметтік желіде тұрғындардың өтініштері де келіп түсіп жатыр. Өтініштердің бірі аудандағы «Ертіс» спорт клубы парақшасының атынан жазылған.
– Ауданымызға хоккей модулі керек. Былтыр облыс әкімі Даниал Ахметов келгенде де бұл мәселені айттық. Бұл – бірден орындала қоятын мәселе емес екенін білеміз. Алайда Глубокое қысқы спорт түрлерінен облысымызда алдыңғы қатарда. Мұны өзіңіз жақсы білесіз. Ендеше үндеуімізге құлақ түресіз деп үміттенеміз, – деп жазды спорт клубы.

Оқи отырыңыз