KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Өскеменде «Super қыз» атты ерекше кітаптың тұсауы кесілді

26.11.2020, 17:55 337
Өскеменде «Super қыз» атты ерекше кітаптың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аты айтып тұрғандай, бұл қыздарға арналған кітап. Бірақ киім-кешек немесе косметика туралы емес. Бұрымдыларды биік мақсат, асқақ армандарға жетелейтін жазбалар. Күйші Динадан бастап, Әлия мен Мәншүктің ерлігін, Камшат Дөненбаевалардың қайсарлығын арқау еткен туынды. Авторы – «Болашақ» корпоративтік  қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова.

– Әрбір қазақстандық қыз кез-келген істе жоғары нәтиже көрсете алатынына сенімді болуы тиіс. Кітап осы мақсатта жазылды. Сол себепті бұл еңбекте өнерімен, ерлігімен, еңбекқорлығымен және спорттағы жетістіктерімен тарихта қалған қазақ әйелдерінің, сондай-ақ бүгінде ел мақтанышына айналып үлгерген қыздардың еңбек жолы туралы деректер топтастырылған, – дейді Динара.

Тұсаукесер облыс орталығындағы Оралхан Бөкей кітапханасында өтті. Оқырмандар «Super қызды» шабыт сыйлайтын кітап деп бағалады. Ендеше қандай да бір істе жетістікке жетуге құмар оқырман қыздар үшін айтайық, «Super қыз» Өскемендегі «Меломан» дүкендер желісінде сатылады.
WhatsApp Image 2020-12-14 at 11.48.48.jpeg

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив