KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 1 м/с, С
494.87 520.65 4.91

"8 желтоқсанға дейін ұзартылсын" Қаулыға өзгерістер енгізілді

24.11.2020, 14:42 187

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 қарашадағы №24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Алтайньюстілшісі.

 

Құжатта былай деп жазылған:

 

 

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 қарашадағы № 24 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

 

1)    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 

«1. Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше шарттарымен 2020 жылғы 25 қарашадағы сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 08 желтоқсандағы сағат 00:00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылсын.

 

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін».

 

2)    8 тармақтың 8.2 тармақшасының 10) тармақшасы Риддер қаласы, Глубокое және Алтай аудандары үшін сақталсын;

 

3) 8-тармаққа мынадай редакциядағы 8.4-тармақша қосылып жазылсын:


«8.4 Риддер қаласында, Глубокое және Алтай аудандарында орналасқан базарларды қоспағанда, ғимараттан тыс орналасқан азық-түлік базарларының қызметі апта күндері бойынша шектеусіз, сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілсін.

 

Ғимарат ішінде орналасқан азық-түлік базарларының және ғимараттан тыс және ішінде орналасқан азық-түлік сатпайтын базарлардың қызметі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін рұқсат етілсін және демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері тыйым салынсын».

 

2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.


3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.


4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.


5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 


 Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а.    Х. Илюбаев

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу