Өскеменде Конституция күніне орай мерекелік концерт өтеді
Фото: el.kz
30 тамыз күні сағат 16.00-де облыстық драма театрда (Тоқтаров к-сі, 47а) ШҚО әкімінің симфониялық оркестрінің қатысуымен ҚР Конституциясы күніне арналған «Классикалық музыка кеші» өтеді.
Аталмыш іс-шара ШҚО мәдениет басқармасы және Халық банкінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кеште Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті, опера солистері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Медет Чотабаев, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Галина Чеплакова (Астана қ.) өнер көрсететін болады.
Оқи отырыңыз