KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
504.34 556.34 5.97

Өскеменде “Жұлдыздар шеруі” атты концерт өтеді

16.02.2023, 17:01 1 130 Ләззат Қанатқызы

21 ақпан күні облыс орталығында Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Д.Ғылымовтың қатысуымен “Жұлдыздар шеруі” атты концерт өтеді.

Оркестрдің бас дирижері: Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Шалқар Рысханов. Дирижері Ержан Қасымханов
Кеш қонақтары:
Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Кенжегүл Мұсаева, Өскемен қаласында тұңғыш рет: Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, “Құрмет” орденінің иегері, сан түрлі аспаптарда орындаушы Санджай Әлмішев, ҚР Мәдениет саласының үздігі Альмира Нұрғожина.
Халықаралық байқаулардың лауреаттары : Айжан Мазкенова, Қуаныш Оралбаев, Жанат Бисимбаев, Айгерім Байжұменова, Жансая Зарқынбекова, Ботагөз Жұмабеков, Арника Байбусинова және “МҰРАГЕР”, “ШЫҒЫС САЗЫ” домбырашылар ансамблі


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу