Шемонаихалық екі суретшінің көрмесі ашылады
Фото: depositphotos.com
4 маусым күні Шығыс Қазақстан Өнер музейінде Шемонаихалық екі суретшінің көрмесі ашылады.
«Әлем суретшінің көзімен» атты көрмеде Вадим Салманхановтың монохромды, философиялық және авангардтық графикасы мен Юрий Шушаков оған қарама-қайшы келетін жарқын, шынайы туындыларын ұсынылады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Түрлі бағытта жұмыс істейтін суретшілердің көрмесі көрермендерді тәнті етері сөзсіз.
Бұған дейін Өнер музейінде Вадим Салманхановтың "Ойдың тууы" атты жеке көрмесі ашылған болатын. Онда өз көрермендеріне заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін іздеген психологиялық портреттер ұсынған.
«Әлем суретшінің көзімен» көрмесі 4 маусым мен 14 шілде аралығында жұмыс істейді.