ШҚО Өнер музейінде "Амаркорд" атты жаңа көрме ашылды
Шығыс Қазақстан өнер музейінің кіші залында суретші, сәулетші Василий Бильковтің "Амаркорд" атты жаңа көрмесі ашылды. Көрмеге автордың портреттік силуэттер топтамасын 318 жұмысы қойылды.
Карантиндік шектеулерге байланысты көрме онлайн түрде ашылды. Көрменің атауын Федерико Феллини фильмінің негізінде «Естеліктер» деп атаған.
- Суретші өнер музейінде өзінің қырық жылдық шығармашылығындағы портреттік силуэттер топтамасын ұсынды. Көрмеге автордың 318 жұмысы қойылды. Қазіргі уақытта, силуэт графикасы өте сирек кездеседі. Әр портретті суретші қара қағазды қию әдісімен жасаған. Графиканы Өскемен қаласының өндірісіне арналған бірегей ғарыштық технологиясының инсталляциясы толықтырып тұр. Бүкіл экспозиция қазіргі мифодизайн қағидаларына сәйкес жасалған. Көрме атауын Федерико Феллини фильмінің негізінде «Естеліктер» деп атаған. Суретші бұл мифтік шығармашылығын «Менің алтын қалам» деген атаумен өзінің туған қаласына арнайды, - дейді Өнер музейінің қызметкері Сыйлық Кашей.
Айта кетейік, бұл суретшінің Өнер музейіндегі үшінші жеке көрмесі. Оның әрбір экспозициясы көрерменді тақырыптың стильді берілуімен және жұмыстың жоғары кәсіпқойлылығымен ерекшеленеді.
- Парақ бетіндегі әр портрет өз қаламыздың тұрғындары. Сонымен бірге, қаланың қалыптасуына өзіндік үлестерін қосқан азаматтар. Олардың өмірі мен еңбек жолы қала тарихымен тіке байланысты. Көрмеге қойылған әр тастың маңызы ерекше. Бұл жәй тастар ғана емес, қаланың әр бұрышының естеліктері. Әр адам өз қаласымен мақтануы керек. Сондықтан өзім тұрып жатқан қалама деген махабатымды осылай жеткіздім, - дейді суретші Василий Бильков.
Айта кетейік, көрмені Өнер музейінің әлеуметтік желідегі арнайы парақшасынан тамашалай аласыздар.