KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, В
475.18 510.72 5.47

Бір тәулікте 3 бірдей өрт сөндірілді - ШҚО

9.10.2022, 16:26 219

Бүгін таңертең Глубокое ауданына қарсты Малоубинка ауылындағы Молодежная көшесінде жеке тұрғын үйден өрт шықты. 

Тілсіз жау бірдей үй маңындағы 38 тонна құрғақ шөпке тараған.

Оқиға орнына бірден 17 өрт сөндіруші мен 6 техника дереу жетіп, 345 шаршы метр алаңдағы өртті ауыздықтады.

Сонымен қатар ШҚО ТЖД қызметкерлері 1943 жылы туған әйелді эвакуациялады. Абырой болғанда зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің себебі анықталу үстінде.

Өскеменде "Звездный" саяжай қоғамының аумағында шөп өртеніп, қатты жел салдарынан өрт саяжай үйіне, металл вагонға және екі көлікке тарады.

Оқиға орнына 7 бірлік техника мен 28 адамнан тұратын өрт сөндіру бөлімшелері жіберіліп. 10 га алаңдағы өрт сөндірілді.

- Облыс орталығындағы Мостовая көшесінде тұрғын үйде өрт болды. Өрт сөндірушілер келген кезде шамамен 200 шаршы метр аумақта ағаш конструкциялар мен шаруашылық құрылыстары өртеніп жатқан. Өрт орнында 12 өрт сөндіруші мен 3 техника жұмыс істеді, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив