ШҚО-да мас жүргізуші 4 баланы қағып кетті
Жол апаты 5 қыркүйекте Бородулиха ауданының Жаңа Шүлбі ауылында болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сағат 18.50 шамасында Mitsubishi Chelenger автокөлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, жол жиегінде ойнап жүрген төрт баланы қағып кетті. Анықталғандай, 31 жастағы ер адам мас күйде көлік жүргізген.
10 жастағы қыз бала алған жарақаттардан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Қалған 5, 11 және 12 жастағы үш бала ауруханаға жеткізілді.
Автокөлік жүргізушісі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.