Өскеменде көлік қаққан бойжеткен айыппұл төлейтін болды
Өскеменде көлік қағып кеткен бойжеткенге айыппұл салынатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жол апаты 6 шілде күні Сәтпаев даңғылы бойындағы мешіттің маңында болған. 28 жастағы бойжеткен жүргіншілерге арналмаған жерден жолды кесіп өтпек болған. Осылайша, «Lada Vesta» маркалы көлік қызды қағып кеткен.
– Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді. Ешқандай жүргіншілерге арналмаған жолдан өтпекші болған қыздың үстінен 615-ші бабтың бірінші бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Енді оған 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, – дейді полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз